«Әлемді кітап арқылы танимын»
02.04.2021Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №3 мектеп-интернаттың 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Парасат жолы» орталығында 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Әлемді кітап арқылы танимын» атты әдеби сайыс өткізілді. Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.
Шара барысында кітапханашы Ж.Тулешова сайыстың ержесімен мен әділқазылар алқасымен таныстырып өтсе, «Дарын» және «Талап» топтарына бөлінген оқушылар өздерін таныстырып өтті. Мектеп кітапханашысы Г.Есенбекова балалар кітабы мерекесіне орай дайындалған слайд пен бейнеролигін көрсетіп, ертегінің атасы Ганс Христиан Андерсеннің туған күн құрметіне аталып өтетінін айтып өтті. Сайыс «Жұлдызды сәт» сұрақ-жауап кезеңі, «Әріптер сыр шертеді» кезеңі, «Мақал-сөздің мәйегі» атты мақал-мәтел сайысы, «Өлең сөздің патшасы» атты өлеңді мәнерлеп оқу деп аталатын 4 кезеңнен тұрады. 2 топқа да осы кезеңдер бойынша ортақ сұрақтар беріліп, сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларға сайыс тәртібі бойынша жетон берілді. Ең көп жетон жинаған топ, «Дарын» тобы жеңімпаз атанды. Кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева сайысқа белсене қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, алғысхат табыстады. №3 мектеп-интернаты директорының тәрбие ісінің орынбасары Г.Пернебекова осындай сайыс ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын таба береді деп шараны қорытындылады.