«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ КІТАПХАНАШЫСЫ»

17.05.2021 Выкл. Автор admin
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ  КІТАПХАНАШЫСЫ»

Мәдениет және өнер қызметкерлерлерінің кәсіби мерекесіне орай  «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ  КІТАПХАНАШЫСЫ» төсбелгісімен Жаңақорған аудандық кітапхананың директоры Тилеубергенова Асемкүл  Манапқызын және №1 кенттік кітапхананың кітапханашысы Ғалия Машрапованы, Сунақата ауылдық кітапхананың кітапханашысы Роза Садірбаевалар марапатталды.  Сондай-ақ Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжастың атынан кітапхана саласын дамытуға қосқан үлесі үшін аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері Клара Шенгелбаеваны және Гүлнар Садибекованы, Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Айдосованың АЛҒЫС хаттарымен  Қожамберді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сарсенкүл Итемгенқызы Мұстапаеваны, Құттықұттықожа ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бейсенбиева Анар Рысбекқызы, облыстық кәсіподақ ұйымынан аудандық кітапхананың бас есепшісі Раманкулова Айсұлу Есенжолқызы, аудандық мәдениет бөлімінің кәсіподақ ұйымынан Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Дана Айдаровалар марапатталды.  Марапат иелеріне алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.