«Ұлт тарихындағы балалар тағдыры»

17.05.2021 Выкл. Автор admin
«Ұлт тарихындағы балалар тағдыры»

17 мамыр күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «2021 жыл — Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына» орай, «Дәстүрлі отбасылық оқу» жобасы аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына байланысты «Ұлт тарихындағы балалар тағдыры» атты балаларға қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Мақсаты: оқырмандарды қазақ жазушыларының шығармаларына түсірілген балаларға арналған фильмдермен таныстыру, балаларды адамгершілікке, кітап оқуға баулу, идеялық және көркемдік тәрбие беру.

Балаларға Б.Соқпақбаевтың шығармасы, режиссер А.Қарсақбаевтың туындысы, 1967 жылы Каннда өткен халықаралық кинофестивальде ынталандыру дипломына ие болған «Менің атым Қожа» фильмі, жазушы М.Әуезовтың шығармасы, режиссер Т.Өкеевтің туындысы, Баку фестивалінде 1ші сыйлыққа ие болған «Көксерек» фильмі, партизан жазушы Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» атты балалар тақырыбындағы фильмдері көрсетілді. Бұл күнде аталған фильмдер ұлттық киномыздың тарихында балалар тақырыбының меңгерілуі деңгейі тұрғысында аса құнды шығармалар болып отыр.