«Отбасы — шағын мемлекет»

11.05.2021 Выкл. Автор admin
«Отбасы — шағын мемлекет»

2021 жылдың  11 мамыр күні  «Отбасы — шағын мемлекет» атты өнеге сағаты өткізілді. Мақсаты: 15 мамыр-отбасы күнін атап өту, отбасы құндылықтарын насихаттау,  отбасылық тәрбиенің маңызын түсіндіріп, ұлттық діні мен тілін, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген отаншылдық  рухы  жоғары ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге баулу.

Өнеге сағатында кітапханашы «Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі, яғни отбасы-қоғамның  ең кіші бөлшегі. «Отбасы-шағын мемлекет» деп те атайды. Отбасының басты қызметі- баланы тәрбиелеп, ата-ананың үмітін ақтар, Отанын, елін, жерін , ұлтын сүйер азамат етіп өсіру»,- екенін айта келіп,  кітапхана қорындағы    ерлі-зайыпты журналистер Марат Тоқашбаев пен Раушан Каршалованың ұзақ жылғы ізденістерінің жемісі- «Бақыттың кілті» атты кітабына шолу жасап,  оқырмандарға оқуға ұсынды. Кітапта отбасында кездесетін келеңсіздіктің алдын алуда ынтымақ, татулық, отбасылық мәселерді ақылдасып шешу, адалдық, адамгершілік , ұрпақ алдындағы жауапкершілік, ата-баба дәстүрін сақтау т.б. отбасылық құндылықтарды сақтап қалу қажеттілігі айтылады.  Зейнеткер оқырман Д.Керімбеков өз пікірін қосып, отбасының басты борышы-ұрпақ алдындағы жауапкершілік, яғни  баланы өсіріп,  тәрбие мен білім берудегі басты тұлға ата-ана екенін атап өтті.  Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Сондықтан да баланы өмірге бейімдеуде отбасы, ата-ана, мектеп, ұстаз т. б. қауымдастықтардың рөлі ерекше екені айтылды.Шара барысында осы тақырыпта өлең,нақыл сөздер оқылды.