«Бабадан қалған ұлы мұра»

01.07.2021 Выкл. Автор admin
«Бабадан қалған ұлы мұра»

 

2021 жылы 1 шілде күні №1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай «Бабадан қалған ұлы мұра» онлайн күй кеші өткізілді. Домбыра – бабадан қалған асыл мұра. Ұлы дала елінің жаны, руxы, тариxы. Қазақтың жан жүрегін, бар болмысын өзінің күмбірлеген үнімен айнытпай дәл беретін киелі аспапты еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қадір тұтады. Күмбірлетіп күй тартқан кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Сабыр Шұғыланың орындауында «Қара Жорға» күйі, Икрамхан Нұрсұлтанның «Көрұғлы» және «Адай» күйлерін нақышына келтіріп орындап берді. Мақсаты: домбырадан- таралған тәрбие-білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау. Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.