«Күмбірле, күй – Домбыра»

30.06.2021 Выкл. Автор admin
«Күмбірле, күй – Домбыра»

2021  жылдың 30 маусым  күні  №2 Кенттік кітапханасы шілденің бірінші жексенбісі ұлттық домбыра күніне орай «Күмбірле, күй – Домбыра» атты тақырыпта әлеуметтік желіге онлайн күй кешін ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандардың ой ұшқырлығын шыңдап,ата- бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Ұлттық өнерді сүюге тәрбиелеу.

Домбыра-қазақ халқының кең тараған екі ішекті аспабы. Домбырадан ұшып шыққан әсем куй-қазақтың ішкі жан-дүниесінің, болмысының үні, сыры, дауысы. Қазақ десе-домбыра, домбыра десе-қазақ, ал күй десе қазақ та, домбыра да еске түседі. Қазақтың күмбірлеген домбыра шанағынан төгілген әуеннің айтары мол. Сөзбен айтып жеткізе алмас сырың да, көкірекке сыймас құлазыған көңілің де, шаттыққа толы қуанышың да домбыраның тілімен жүрекке жетеді. Шара барысында әлеуметтік желі арқылы  кітапхана оқырмандары: Шахарбаева Дариға Мәлгеждар Әубәкіровтың «Талас» күйін, Сүйіндік Айсәуле халық күйі «Арынғазы», Бейбіт Ақжан Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнін нақышына келтіре орындады.