«Мәңгілік елінің Ел – қазақ ұлттық идеясы»

19.05.2021 Выкл. Автор admin
«Мәңгілік елінің Ел – қазақ ұлттық идеясы»

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» орталығында Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы жобасы аясында «Мәңгілік елінің Ел – қазақ ұлттық идеясы» тақырыбында онлайн ақпараттық сағат өткізілді.                    Мақсаты: Оқырмандарға «Мәңгілік Ел» жобасын кеңінен насихаттау, жан – жақты түсіндіру. Қазақстанның жарқын болашағы туралы ақпарат беру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!» — деген ой айтты. «Мәңгілік Ел» ата – бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман – тұрмыс бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағыиызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идеясы бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы, — деп атап өтті Елбасы. Сонымен қатар Елбасы «Мәңгілік Ел» ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан — 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алынғанын алға тартты. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асырудың негізі мектепте қалануы тиіс. Орта білім беру жүесінде «Мәңгілік Ел» идеясы балалар мен жастарды жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу сезіміне тәрбиелеуге бағытталған.