«Ұмытпасаң салтыңды, сақтарсың қазақ деген қалпыңды»

19.07.2021 Выкл. Автор admin
«Ұмытпасаң салтыңды, сақтарсың қазақ деген қалпыңды»

2021 жылдың 19 шілде күні Әбдіғаппар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен салт — дәстүр әдет ғұрыпты насихаттау мақсатында «Ұмытпасаң салтыңды, сақтарсың қазақ деген қалпыңды» атты «ЖасҰлан» тынығу лагеріндегі балалармен бірге әдеби сағат өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға қазақ халқының  салт   — дәстүрлері мен әдет — ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

Шара барысында балаларға халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз екендігі және де дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтетін, өткен ұрпақтардан қалған мұра екендігі жайлы баяндалады. Қазақ халқында ертеден келе жатқан көптеген салт – дәстүрлер бар солардың бірі үлкенге құрмет көрсету, бата беру деген секілді салт – дәстүрлерлер мағлұматтар берілді.