«Поэзия аққуы»

13.08.2021 Выкл. Автор admin
«Поэзия аққуы»

2021 жылдың 13 тамыз күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында , ақын жазушы Марфуға Айтхожинаның туғанына 85 жыл толуына орай, «Поэзия аққуы» атты тақырыпта әлеуметтік желіге онлайн поэзия сағатын жариялады.

Мақсаты: Ақын Марфуға Айтхожинаның шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру, әдеби  дүниетанымын кеңейту; ой-өрістерін, шапшаң ойлау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;  дұрыс сөйлеу әдебін меңгертуге, жауапкершілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.

Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Қүлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Ақынның балалық шағы қаймағы бүзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Коңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді.

Осы орайда әлеуметтік желі арқылы оқушылар ақынның «Қымыз», «Тұлпар», «Кең Жазира», «Сәмиға» атты өлеңдерін оқыды.