«Жаңа дәуірге жарасымды үн қосқан» атты жыр кеші

27.10.2021 Выкл. Автор admin
«Жаңа дәуірге жарасымды үн қосқан» атты жыр кеші

2021жылы 27 қазан күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Парасат жолы аясында айтыс өнерінің ақтаңгері, Сыр сүлейлерінің жалғасы Әбілқайыр Сыздықовтың 50 жасқа толған мерейтойына орай «Жаңа дәуірге жарасымды үн қосқан» атты жыр кеші өткізілді.

Мақсаты: Әбілқайыр Сыздықовтың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Шарамыз ақын Мадияр Оспановтың «Ел білетін Әбекең» атты арнау өлеңімен бастау алды. Кітапханашы К.Сұлтанбаева қатысушыларға «Киелі өңірдің ұрпағы» атты кітап көрмесін ұсынды. «Ұлылықтың сарқытын сенен көрдік» атты презентация арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріліп, «Дүбірлі дүрмек»атты кітабына шолу жасалды. Ақын шығармашылығынан «Қызылорда- тектілердің бесігі»атты өлеңін N 55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Асылжан Нысанбекұлы, «Мен қазақпын»өлеңін 9 сынып оқушысы Назым Көшербай мәнерлеп жатқа оқыды.Ақынның айтыстарынан үзінділер көрсетілді.