«Отаным –бақыт ордасы» атты кездесу кеші

05.10.2021 Выкл. Автор admin
«Отаным –бақыт ордасы»  атты кездесу кеші

2021 жылдың    05 қазан  күні  Сунақата  ауылдық  кітапханасының  ұйымдастыруымен    Егде  адамдарды  халықаралық корғау күніне орай  облыстық  «Мерейлі  отбасы-2021»  байқауына Жаңақорған ауданының атынан қатысып жүлделі 1-орын иегері атанған Түкібаевтар отбасымен «Отаным –бақыт ордасы»  атты кездесу кеші болып өтті.

Кешті ауыл әкімі А.Исмайылұлы, клуб директоры Т.Әбенұлы ашып, Түкібаевтар  отбасын  ауданымыздың абыройын асқақтатып , жүлделі орын алып келулері мен құттықтап,Алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Кеш барысында клуб өнерпаздары М.Әбен, ағайынды  Түкібаевтар, термеші М.Дәрібаевтар өз өнерлерін көрсетсе, кеш қонақтары Түкібаев Аманкелді атамыз бен Байтемірова Пернекүл анамыз жастарға отбасы құндылықтары, сыйластық, адамгершілік  жайлы өз өмір жолдарынан естеліктер айтты. Ауыл ақыны  М.Дүйсенбаев  Түкібаевтар отбасына арнаған  «Мерейлі отбасы» өлеңін оқыды.