«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы жайлы түсіндірмелік сағаты

29.11.2021 Выкл. Автор admin
«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы жайлы түсіндірмелік сағаты

2021 жылы 29 қараша күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханада Елбасы Н.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы жайлы түсіндірмелік сағаты өткізілді. Шараға аудандық кітапханың қызметкерлері қатысты.

Шара барысында аудандық кітапхананың директоры, аудандық мәслихат депутаты А.Тилеубергенова Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Елбасының Мемлекеттікті сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету осы ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия деп санайтындығын, осы орайда, жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, прагматизм сияқты елдіктің жеті тұғырына жеке, жеке тоқталып, осылайша тәуелсіздігіміді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетіні насихаттап, терң білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз деп, ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуының маңыздылығына тоқталып өтті.