«Алтын сақа» атты әдеби ойын
11.11.202111 қараша күні аудандық балалар кітапханасы 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, аудандық оқушылар үйінің «Туристік өлкетану» үйірме жетекшісі Ф.Маханова мен оқушыларының қатысуымен «Алтын сақа» атты әдеби ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды ауыз әдебиетін оқуға ынталандыру, білім деңгейін арттыру, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу, туған халқымыздың әдет-ғұрпын қадірлей білуге, көркем сөйлеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау
Оқушылар «Алғырлар» және «Тапқырлар» атты екі топқа бөлініп, асық иіру арқылы асығы алшы түскен топ бірінші жауап берді. Ойын Табалдырық, Әудемжер, Қозыкөш, Беласар, Жолайырық атты бес кезеңнен тұрды. 1 кезенде ертегілер туралы сұрақтарға жауап берсе, 2 кезеңде сөз тіркестерінің мәнін ашты, 3 кезеңде салт-дәстүр жайлы сұрақтарға, 4 кезеңде қызықты есеп сұрақтарға, 5 кезеңде логикалық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті. Ойын соңында ойынға әділқазылық еткен оқушылар үйінің ұстазы П.Маденова мен кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева шараны қорытындылап, жеңімпаз топты анықтап, оқушыларды марапаттады.