«Ұлтын сүйген ұлы жүрек» атты еске алу кеші

22.11.2021 Выкл. Автор admin
«Ұлтын сүйген ұлы жүрек» атты еске алу кеші

 

2021 жылдың 22 қараша  күні Манап ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын жазушы Базарбай Исаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, шығармашылығының музыкасы мен үндесу ерекшелігін таныстыру.

Ақын қазақтың таза, қарапайым, жалпыға ортақ сөздерінен әп-әдемі, ып-ықшам дүние жасай білген. Қазаққа тән қара өлеңге табынған ақынның жырлары жаныңды бір ерекше сезімге жетелейді, сүйсінтеді, таңдай қақтырады. Көзі тірісінде алақанына салып аялай алмаса да, өзі өмірден өткенмен, халық оны поэзия патшасындай биіктетеді, ардақ тұтады. Шарада А.Мұстафаева ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, №160 орта мектебінің оқушылары ақынның «Досқа хат», «Астана» атты өлеңдері оқыса,  ақынның  немере інісі Б.Ибадулла ақының өмірінде боған қызықтары мен естеліктер айтып өтті.