«Жақұт сөзбен өрілген жауһар жырлар» атты әдеби сағат
16.11.20212021 жылдың 16 қараша күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері Тұрсынхан Әбдірахманованың 100 жылдық мерейтойына орай «Жақұт сөзбен өрілген жауһар жырлар» атты әдеби сағат өткізілді.
Мақсаты: Ақын шығармашылығын жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту, жастардың бойында ізеттілік, әділдік пен адалдық, парасаттылық қасиеттерін насихаттау және өскелең ұрпақ пен аға буын арасында сауатты ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Шара барысында кітапханашы ақынның шығармашылығына слайд арқылы шолу жасап, өмір жолы жайлы ақпараттар берді.
Бұл кісі халқына көп қызмет етті. Олжас Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» антиядролық қозғалыстың қатарында жүріп те қоғамдық ұстанымын айқын дәлелдеді. Туындыларында қазақ әйелдерінің тағдыры орын алған. Т.Әбдірахманова шығармашылығында өлең мен ән қатар жүреді.Қазақ радиосының алтын қорында ақын орындарындағы елуге жуық халық және заманауи әндер жазылған.Сонымен қатар ақын көркем аудармамен де шұғылданған.
Шарада «Көкжиек» поэзия сүюшілер клубының мүшелері ақынның «Арнау», «Даналарым», «Жаңақорған» «Үміт» атты өлеңдерін, «Қазақ қызы»(кейіннен «Дала қызы» деп жарияланған толғауын мәнерлеп оқыды. «Елім-ай» атты поэмасынан үзінділер оқылды.