Қайырымдылық акциясы
06.12.2021Қазақта «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген тамаша сөз бар. Шынымен де көпті көрген қариялар тұрғанда жас жеткіншек үлгісіз қалмайды. Олардың әрбір ақыл-кеңесінің астарында үлкен бір мән жатады. Міне, сондай игі істі Жаңақорған аудандық орталық кітапхана ұйымдастырды.
Мақсаты: Күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасыларға көмек көрсету.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елімізде өткізіліп отырған «Ел арқау – Елбасы» халықтық әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға арналған жалпыұлттық қайырымдылық акциясы аясында 6 қараша күні аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Жанпейісов көшесі №46 үйдің тұрғыны кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер Горобец Генадий мен мүмкіндігі шектеулі қызы Горобец Аннаның шаңырағына барып қайырымдылық көмек жасап, ізгі көңілдерін білдіріп, баталарын алып, кітапхана ұжымы атынан қайырымдылық іс жасалды.