«Елбасы елдің — тұтқасы» атты баяндама сағаты
26.11.2021Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылдық кітапханасында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы елдің — тұтқасы» атты баяндама сағаты өтті. Оған И.Әбдікәрімов атындағы 168 орта мектебінің 11сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы баяндама барысында елбасының балалық шағына, өмір дерегіне, қанатты сөздеріне т.б жасаған еңбектері жайында айтып, кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, оқушыларға елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат боп өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.