«Ойы биік, жаны таза ғалым» атты танымдық сағат
22.12.20212021 жылдың 22 желтоқсан күні Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №208 жалпы орта мектепте жазушы, әдебиет зерттеушісі Қалтай Мұхамеджанов 105 жыл толуына орай «Ойы биік, жаны таза ғалым» атты танымдық сағат өтті.
Мақсаты: Оқушыларды халық жазушысы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың өмірі мен шығармашылығы арқылы өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, қазақ ақын- жазушыларының шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Оқушыларға Қалтай Мұхамеджановтың шығармалары көрермен жұртшылықтың көңілінен құтты орын алған «Жат елде», «Көктебедегі кездесу» (Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп жазған), «Менің дертім», «Қуырдақ дайын» және де басқа туындылары енген шығармаларында қоғамымызда кездесіп жататын көлеңкелі жәйттер мен келеңсіз көріністерді әшкерелейді. Ал «Жат елде» атты драмасында Отанынан қол үзген азғантай тобырдың мүшкіл халін шебер суреттейді. Қ.Мұхамеджановтың шығармалары әлемнің 19 тіліне аударылып, қойылған жазушының пьесаларымен қатар кәнігі қаламгердің еліміздің көркем өнері жайлы өзекті ойлары мен кең философиялық толғаныстарын білдіретін зерттеу еңбектері мен мақалалары да енгізілген.