«Жолдау — болашаққа сенімділік» атты кітап көрмесі

26.01.2022 Выкл. Автор editor
«Жолдау — болашаққа сенімділік» атты кітап көрмесі

2022 жылдың 26 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау — болашаққа сенімділік» атты кітап көрмесін ұйымдастырды..

Мақсаты: Оқырмандарды Жолдаудың мазмұнымен таныстыру, Қазақстандық патриотизмді, азаматтық ұстаным мен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ету.

Кітап көрмесіне Жолдаудың басым бағыттарына және еліміздің алдағы дамуына арналған әдебиеттер мен журналдар қойылды.

Шара барысында кітапханашы К. Сұлтанбаева Жолдаудың көздеген 7 нысаны мен 5 әлеуметтік бастамасы жайлы ақпарат берді. Қатысушылар «Қазақстанның даму бағдарламаларын жүзеге асыру» бейнеролигін тамашалап, «Жолдау — дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты презентациямен танысты.