«Рухани жаңғыру — заман көшіне ілесу» атты дөңгелек үстел

24.01.2022 Выкл. Автор editor
«Рухани жаңғыру — заман көшіне ілесу» атты дөңгелек үстел

2022 жылдың 24 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру — заман көшіне ілесу» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-Шараның мақсаты: Жастардың қоғамдық салаларға белсене араласуын жетілдіру, өз қабілеттерін танытуға мүмкіндік беру, бір-бірлерімен сабақтан тыс уақытта достық қарым-қатынас орнату, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру, бәсекелік қабілетін арттыру.

Шара барысында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты слайд көрсетіле отырып таныстырылды. Кітапханашы К.Сұлтанбаева «Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Дөңгелек үстелдің қатысушылары, жастар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттары жайлы өз ойларымен бөлісті. Жас толқын жаңа буынға рухани тәлім-тәрбие берер сұхбат өзара пікір алмасуға ұласты. «Сұрақ — жауап» атты сергіту сәті де ұйымдастырылды. Сіздердің ойларыңызша өзіңді рухани байыту үшін не қажет?, «Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара” деген неміс философы Фридрих Шиллердің сөзін қалай түсінесіз?, Адамгершілік құндылықтарға не жатады?, Өзара жағымды қатынаста болу үшін қандай болу керек? , Достарыңызбен болған жағымсыз жағдайларды қалай шешесіздер? Осындай келелі сұрақтарға жауап берген  Б.Мұратұлы, Д.Қуанышұлы, Б.Қыдырәлі, Ә.Рахыш сынды  студенттеріміз мақсат пен оған жету жолында табандылық танытып, «Қанша өмір сүрсең де, үйренуден жалықпа!» қағидасына сай өмір сүретіндерін, әрбір қадамдары  үшін жауап бере алатындықтарын танытты.