» Рухани жаңғыру — ой сананың кемелденуі» атты рухани сағат
14.01.2022Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыр» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында » Рухани жаңғыру — ой сананың кемелденуі» атты рухани сағаты өткізілді. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Шара барысында кітапханашы қазақ салт дәстүрінің ескірген, ұмыт болған дәстүрлерін қайта жаңғырту жайлы айтты. Клуб үйінің директоры өз құдылықтарымыз жайлы, ұлттық болмысымыз туралы айта кетті. Шараға қатысушыларды кітапханашы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесімен таныстырды.