«Өз заманының ұлы саясаткері» атты библиопост

12.01.2022 Выкл. Автор editor
«Өз заманының ұлы саясаткері» атты библиопост

2022 жылдың 12 қаңтар күні Жаңақорған аудандық кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен  Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың туылғанына 110 жыл толуына орай «Өз заманының ұлы саясаткері» атты библиопост ұсынылды.

Көрменің мақсаты: Оқырмандарға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан — жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларын, сондай-ақ ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқырмандар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

Қазақты қазақ етіп, біздің ұлттық санамызды, қазақи парасаттылығымызды бүкіл әлемге, 17 республикаға танытқан азамат. Осы кісінің адамгершілігін кейінгі жас ұрпақ білсе екен. Кейінгі жастар дәл сол атасындай әділ де адал, сөзіне тұрақты, ісіне жауапкершілікті, саналы болса деген ниетпен үлгі көрсету мақсатында іс-шара ұсынылды.

Біздің қазақ екенімізді білдіретіндей, саналы да білімді, жан-жақты азаматтарымыз көбейсе екен деймін. Бұл кісінің сызып кеткен жолымен жүретін азаматтар бар екеніне мен сенімдімін.

Өз заманының ұлы саясаткері бола білген Димаш атамыз билік басында болған уақыт қаншалықты қиын болғанымен елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

Д. А. Қонаев атамыз халқы сыйлаған, ардақтаған ғасыр азаматы.