«Күлкі мен жас» романынан оқырмандар конференциясы

11.02.2022 Выкл. Автор editor
«Күлкі мен жас» романынан оқырмандар конференциясы

Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №240 Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен жазушы Жолтай Әлмашұлының 65 жасқа толуына орай «Күлкі мен жас» романынан оқырмандар конференциясы өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылыққа баулу, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, әйел адамды құрметтеу сезімін жетілдіруге тәрбиелеу, жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.

Шараға кітапханашы Ж.Тұрымбетова Ж.Әлмаұлының өмір, шығармашылығы жайлы жан-жақты мағұлмат беріп, шығарма кейіпкерлерінің болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлеміне тоқталып өтті.

Жазушының «Күлкі мен  жас» атты романы «Сызқабақ», «Ойбұлғаң», «Көктайғақ», «Бұралаң» атты төрт бөлімнен тұратын айтары мол көлемді туындыларының бірі екенін, роман өткен ғасырдың ішіндегі ең алапат әрі азалы кезең – өткен ғасырдың орта тұсындағы ел басына түскен ашаршылықты, одан кейінгі кездегі жазықсыз өлім құшып, опат болған репрессия құрбандарын, сонымен қатар романдағы басты кейіпкерлерді оқушылар талқылап, белсене араласып, ойларын ортаға салды.

Мектеп кітапханашысы Р.Барлыбаева белсене қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, шараны қортындылады.