«Сахна табиғатын жүрегімен сезінген» атты әдеби портрет кеші

16.02.2022 Выкл. Автор editor
«Сахна табиғатын жүрегімен сезінген»  атты әдеби портрет кеші

2022 жылдың 16 ақпан күні Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында №168 орта мектебінің кітапханашысы Тілепова Әлия және 8 сынып оқушыларының қатысуымен  жазушы Әлмашұлы Жолтайдың 60 жасқа толуына арналған  «Жорға сөздің Жолтайы» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Елімізге белгілі, қаламы жүрдек қаламгер Жолтай Әлмашұлының  өмірі мен шығармашылығын насихаттау барысында  «Сахна табиғатын жүрегімен сезінген»  атты әдеби портрет кеші өтті.

Мақсаты: Жолтай Әлмашұлының балаларға арналған шығармалары «Қауын мен қарбыз» ертегісі, «Оянған орман», «Алтын балық» т.б шығармалары жайлы оқырмандарға әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, баланың арманы мен қиялына баға беру, жазушының астарлы, айшықты сөздеріне жастардың  назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау, сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу.