«Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші

11.02.2022 Выкл. Автор editor
«Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші

 Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші болып өтті.

Шараның мақсаты өз отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Кештің қонағы ауған соғысының ардагері, Төменарық ауылының тумасы, жерлес Қожаметов Жарқынбек мырзамен кездесу кеші өтті.

» Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі , жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман- сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұқбат жүргізу — біз үшін бір ғанибет.Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткергені жөнінде әңгіме айтты. Кешті ауыл әкімі Қошқарбеков ашып, жас ұрпақтар ардагерлемізге өз арнау өлеңдерін оқыды.   8 сынып оқушысы Асан Сүйрік «Отан» өлеңін,  А.Нұранова « Ардагер» атты арнауын оқыды. Кеште «Балбырауын» күйін клуб үйінің сүйемелдеушісі Ж.Түменбаева мен Ж.Арыстанбекова орындады. «Менің әкем жақсы адам» әнін Ж.Түменбаева орындады. Кеш соңында Кітапханашы Н.Есіркепова  «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кітап көрмесімен таныстырды.