«Ауған даласындағы отты жылдар» атты тағылымдық шара
14.02.2022Бесарық ауылдық кітапханасы жастар ісі жөніндегі жетекші маманы мен клуб ұжымымен бірлесе ақпан айының 14-і күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауған даласындағы отты жылдар» атты тағылымдық шара өткізілді. Бесарық бекетіндегі Ауған соғысының ардагерлері Төлебаев Қыдырбек пен Құлмырзаев Төлеген ағаларымыздың ержүрек істері мен тағлымды жолдарына арналды.
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Шара барысында Ауған даласындағы тарихи естеліктер айтылып, ардагерлерге арнап Манаптық Ислам Нағызханның орындауындағы «Кейде бір ағалар болады» және «Ауылға сағыныш» әндері шырқалып, Есіркеп Кәусар «Ауған оқиғасы» атты өлеңдерін оқыды және бейнеролик көрсетіліп ардагерлермен сұрақ-жауап болды. Шара соңы Сыздықов Жәнібектің орындауындағы «Алға қазақ жігіттері» атты әнмен аяқталды.