«От кешкен Ауғанстан асуында» атты кездесу кеші

11.02.2022 Выкл. Автор editor
«От кешкен Ауғанстан асуында» атты кездесу кеші

Түгіскен ауылдық кітапханасында ауыл әкәмдігі, клуб, кітапхана мекемелерінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 11 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «От кешкен Ауғанстан асуында» атты кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқырмандарға түсіндіру. «Ауған соғысы» жайлы  тереңірек біліп тану, ардагер ағаларымыз туралы мәлімет беру, олардың ерліктерін насихаттау.

Кешті кітапханашы А.Көшербаев жүргізді. Кешке Ауған соғысының ардагерлері Тұтқабай Мұстияров пен Аюпхан Сайфназаровтар қатысты. Кеш басталардан бұрын ауылымыздың абыройлы азаматы, дәрігер-жауынгер Кадиров Әділ ағамызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кешті аудандық мәслихаттың үш шақырылымында депутат болған, ел ағасы Е.Ибрагимов пен ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, ауданымыздың құрметті азаматшасы А.Наубаевалар құттықтау сөз сөйлеп ашып берді. Өнер мектебінің мұғалімі О.Сұлтанов «Ауылым» әнін орындап, оқушылар «Балбырауын»,  халық күйі «Тепең көк» күйлерін орындады.

Сондайақ оқушылар ауған ардагерлеріне сұрақтар қойып, «Раушан» балабақшасының қызметкері Г.Иманбаева «Қарағым-ай» әнін орындады. Кітапхана оқырманы Г.Үкібаева ардагер ағаларға өзінің арнау өлеңін оқыды. Мектеп мұғалімдері А.Палымбетов, Ш.Үсенов, О.Сұлтановтар құттықтау сөз сөйледі және осындай жастарды Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелейтін мәдени шаралар көптеп өткізілсе деген пікірлерін білдірді. О,Сұлтанов «Ағаларым» әнін орындады. Кеш қонағы ауыл әкімдігінің маманы Б.Жұманов өзінің тілегін жолдай отырып, ардагер ағаларға сыйлықтар табыс етті. Сонымен бірге «Кейде бір ағалар болады» әнін тамылжыта орындады. Кеш қонақтары А.Сайфназаров пен Т.Мұстияровтар ұйымдастырушыларға өзалғыстарын білдірді. Клуб үйінің директоры Б.Тасқожаева «Ақбаян» әнін орындады. Кітапханашы А.Көшербаев кездесу кешін қортындылады.