«Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты тақырыпта жыр оқу сағаты
11.02.20222022 жылдың ақпан айының 11 жұлдызында М.Нәлібаев ауылдық кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың 91 жасқа толуына орай «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты тақырыпта жыр оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірімен шығармаларымен таныстыра отырып, өлеңдерін мәнерлеп, жүрекпен сезіне отырып жатқа айта білуге баулу.
Шара барысында кітапханашы ақынның өмірімен шығармашылығына шолу жасап, оқушылар ақынның «Әкеме», «Таудағы көктем», «Ей өмір», «Бұлт», «Шыда шыда», «Отан» , «Шеше сен бақыттысың», «Үш бақытым», «Апырмай туған жер ай», «Ғасырлар перзенті» т.б. өлеңдерін жатқа оқыды.