«Салт-дәстүрім салтанатым» тақырыбында өнеге сағаты

04.03.2022 Выкл. Автор editor
«Салт-дәстүрім салтанатым»  тақырыбында  өнеге сағаты

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  наурыз айының 4-і күні  «Парасат жолы»  жобасы аясында салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «Салт-дәстүрім салтанатым»  тақырыбында  өнеге сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі туралы түсінік беру. Қазақтың салт-дәстүрлерін оқушылардың бойына сіңіру. Өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балаларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Шара барысында қазақ халықының қазіргі күні ұмыт болмаған және жаңадан енген салт-дәстүрлер туралы мәліметтерден деректер келтіріліп өтті. Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Қазақтың салт-дәстүрлері: тұрмыс салтқа, бала тәрбиесіне, әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінетіндігі және олардың қоғамдағы, отбасындағы маңыздылығы жайында айтылып өтті. Балаларға салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың түрлеріне байланысты  сұрақ-жауаптар қойылды. Кітапхана оқырмандарына «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеге қазақтың салт-дәстүріне байланысты кітаптар, фотосуреттер қойылып шолу жасалды.