«Ұлпан» романына талдау
17.03.20222022 жылдың 17 наурыз күні жазушы, Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай №2 Кенттік кітапханасы жазушының «Ұлпан» романына талдау өткізілді.
Мақсаты: Ел анасы болған Ұлпан бейнесін ашу. Шығармада Ұлпан айналасындағы оқиғаларды тіл көркемдігіне талдай отыра, оқушылар Ұлпанның жас та болса, елге сыйлы, рулы елге бас болып, бүкіл «Керей-Уақ,Сибан елінің «Есенейі»дәрежесіне көтерілген қазақ әйелінің бітім-болмысын ашуға тырысты.
Шара барысында кітапханашы жазушының өмірдерегімен таныстырып өтті. Батырдың ерке қызының шаңырақтың ошағы, үйдің ұстыны болып, ұяда көрген тәрбиесінің арқасында Есеней ғана емес, бүкіл ел қызыққан , сүйсінген тұлғаға айналғандығы туралы айтылды. Оқушылар шығарма желісімен қойылған сұрақтар бойынша романды талдап, талқылады. Бұл шара оқушы ойын ашып, танымын арттыруға үлкен септігін тигізді.