Дөңгелек үстел

11.03.2022 Выкл. Автор editor
Дөңгелек үстел

2022 жылдың 11 наурыз күні Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатын талқылау барысында №2 Кенттік кітапханасы Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын талқылау, бүгінгі күнде халық арасында саяси әлеуметтік, мәдени тұрмыстық актуал екеніне көз жеткізу

Шара барысында мәдениет қызметкері Т.Тотаев өз пікірін білдіріп және «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатында көрсетілген басымдықтар бойынша өз ұсынысын айта кетті. Дөңгелек үстелді ашқан кітапханашы  жеті тұғырды еліміздің әрбір азаматына жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын алға тартты.

Жиында сөз алған мәдениет қызметкері Кенже Әкімбаева «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын қоғамдағы ауызбіршілікті нығайтып, тұрақты даму үшін ауадай қажет құндылық деп атады.