«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» атты кездесу

05.03.2022 Выкл. Автор editor
«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» атты кездесу

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні «Анасы бар адамдар,ешқашан қартаймайды» атты кездесу кеші.

5 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай  «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» атты кездесу  болып өтті.

Мақсаты: Аналарды құрметтей отырып,жастарға ата ана алдындағы парыз бен қарыздары жайлы ұғындыру, мейірімділікке, аналарымызды әрқашан құрмет көрсетуге және  мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.Оқушы бойына ізгілік инабаттылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.Анасын сүю арқылы еліне, жеріне дегенсүйіспеншілігнарттыру.                                                                                                     Кездесуге ауылға еңбегі сіңген зейнеткер ақ жаулықты аналарымыз,   «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері атанған аналарымыз  шақырылды.Кеш барысында Ауыл әкімі Кенжебаев Сырлыбек аналарымызды, жалпы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтап, оларға сый-сияпат тапсырылды. Мерекелік шараға көп балалы ардақты аналарымыз, еңбектің зейнетін көріп немере, шөбере сүйіп отырған Нұрлыбаева Сара апа, Бақыт апа, Бибісара апа т.б. апаларымыз жүрек жарды тілектерін айтып, баталарын беріп, рахметтерін айтты. Кеш соңында    өз өнерлерін көрсетті.  Шара барысында мектеп оқушылары «Анаға тілек»Дүйсенбек Назгүл     «Ана» Рзахан Дана       «Асыл әжем» Дүйсенбек Үлдана      «Анашым»  Араппай Айару өлең шумақтарын оқыды.   «Анаға»   Мырзабаев Ербол «Ана» Өскенбай Көкен  ән орындаса, «Аққу арман» Асылхан Әсем, «Достарым» , «Сағындым» Бақытжанқызы Назерке, «Армандай» Жеңісқызы Ақжарқын, «Мереке» Құтымбек Балнұр т.б мектеп оқушылары ана туралы әндері айтып, «Балбырауын» күйлерін орындады.