«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат» атты әдеби кеш

18.03.2022 Выкл. Автор editor
«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат» атты әдеби кеш

Жаһандану заманында ұлтымыздың рухани құндылықтарын дәріптеп, қазақтың көрнекті ақын — жазушыларының, қоғам қайраткерлерін, зиялылардың әдеби мұрасын насихаттау қажеттілігі туындап отыр. Осы бағытта  Қожакент ауылдық кітапханасында  халқымыздың ардақты тұлғасы, сөз зергері, қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Ғабит Мүсірепов – ардақты ат» атты әдеби кеш  өтті.  Шара аясында «Кемеңгер қаламның құдіреті» атты Ғ.Мүсірепов пен оның шығармашылығы туралы жазылған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды және Зейнолла Әкімжановтың «Заңғар» өлеңі оқылды.

Әдеби кештің мақсаты оқушыларға Ғабит Мүсіреповтың еңбектерін таныстыру, ізгілік қасиетке толы шығармалары арқылы білімдерін  шыңдау.