«Кітапты оқимыз, білімді тоқимыз» атты әдеби вернисаж
21.04.202221 сәуір күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен N169 мектептің 7 сынып оқушылары мен мектеп ұстазы Д.Қалжанова мен мектеп кітапханашысы М.Бектурованың қатысуымен 23 сәуір — Халықаралық кітап күніне орай «Кітапты оқимыз, білімді тоқимыз» атты әдеби вернисаж өткізілді.
Мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітаптың шығу тарихымен таныстырып, күтіп ұстауға үйрету.
Шарада оқушылар кітаптың шығу тарихымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітапханашы З.Садыкова арнайы кітап мерекесіне жасалған «Кітап — білім мен тәрбие көзі» атты кітап көрмесімен, кітапхананың ережелерімен таныстырып, кітапты күтіп ұстауға шақырды. Сондай-ақ «Жалғасын тап» атты ойын ойнатып, оқушылар мақал-мәтелдерді шешіп, өз білімдерін көрсетті, «Кітап туралы қызықты деректер» атты бейнеролик тамашалады.