«Туған өлкем – жұмақ мекен» атты тарихи кеш
26.04.2022Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен, «Туған өлкем – жұмақ мекен» атты тарихи кеш болып өтті. Кешті жерлесіміз әнші, сазгер Б. Байкенжеевтің «Гүлденген Жаңақорған» әнімен ашылып, «Жаңақорған» атты бейне ролигі тамашаланды. Оқушылар туған өлке туралы өлең шумақтарын паш етті. Кітапханашы М.Кадирбергенова «Туған өлке тарихы-ұрпаққа тағылым» кітап көрмесімен таныстырып, жерлес ақын жазушымыз А.Сопыбековтың «Жаңақорған» тарихнамасына кеңінен тоқталды, сондай-ақ «Жұлдызы карта» және сөзжұмбақты шешу ойындары ұйымдастырылды. Шараны мектеп тәлімгері М.Тұрсынбаева мен аудандық кітапхананың кітапханашысы Ә.Сағатқызы қортындылады. Шараға 15 оқушы қатысты.
Мақсаты:оқырмандардың туған елін, жерін, отанын сүюге туған жеріне, тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.