«Салауатты жас ұрпақ – қоғам байлығы» атты тренинг
28.04.20222022 жылы 28 сәуір күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №56 орта мектепте, сол мектептің оқушыларының қатысуымен «Салауатты жас ұрпақ – қоғам байлығы» атты тақырыпта тренинг болып өтті.
Мақсаты: Келешек ұрпақтың рухани дамуына, өзін-өзі тануына және жеке тұлғалық артықшылығын түсіндіріп, өмірге деген көзқарасын өзгертуге, «Суицид» ұғымын меңгеріп, өз-өзіне қол салудың алдын алу, өз уақытында психологиялық, салт-дәстүрлік көмек көрсетуге оқушыларды баулу.
Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында суицид , яғни өзіне- өзі қол жұмсау арқылы өз өмірлерін қию оқиғаларының күннен күнге белең алуы бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Психологиялық тұрғыдан санасы әлі пісіп жетілмеген жасөспірім өзін-өзі қол жұмсау арқылы өз мәселемді шешемін, бұл мен үшін қиындықтардан дағдарыстан шығудың жолы деп ойлайды. Бала өзіне қол жұмсау арқылы ата – аналармен, педагогоктармен, құрдастарымен , өзімен дауласуда соңғы дәлелге жүгінеді мектеп психолыгы Әбдірахманова Айна апай оқушыларға Суицид жайлы біраз мағлұмат беріп өтті. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Кітапханашы Қ Айдосова оқушыларға бір — біріне жақсықарым — қатынаста сабақтарын жақсы оқуға шақырды.