«Отбасы — ұлт рухының айнасы» атты кітап көрмесі
12.05.202212 мамыр күні Жаңақорған аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі 15 мамыр – Бүкіләлемдік отбасы күніне орай «Отбасы — ұлт рухының айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырды.
Отбасы деген шағын ғана мемлекетіміздің босағасы берік те нық болуы ең бірінші әйел адамға байланысты, әйел адам жанұяның ұйытқысы деп сөз бастаған кітапханашыға оқырмандарымызда өз кезектерінде отбасы құндылықтары туралы мәнді де мағыналы ой пікірлерімен бөлісті. Сондықтан көрмемізде баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы зор екндігін ұғындыру мақсатында отбасы туралы әдебиеттер қамтылды.
Соның ішінде М. Смайылова, К. Қожахметова, С. Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие», Ә. Ысқақтың «Қазақтың тазалық мәдениеті» және т.б. отбасылық журналдар оқырман назарына ұсынылды.
Көрмені М. Кадирбергенова таныстырып, оқырмандар өздеріне ұсынылған әдебиеттерге қызығушылықтарын таныта отырып, отбасының аса маңызды құндылық екені жайлы, өздеріне мағұлмат алды.
Мақсаты: Отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.