BookDating

21.04.2022 Выкл. Автор editor
BookDating

2022 жылы 21 сәуір күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №56 орта мектепте, сол мектептің оқушылары, кітапханашысы, математика пәні, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің қатысуымен BookDating – қазіргі заманға сай, әр түрлі тақырыптағы және бағыттағы кітаптарды талқылауға арналған озық алаңы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын – жазушылардың шығармаларын кеңінен насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Шараға кітаптарды сүйіп оқитын оқырмандар жиналды. Букдатингтің форматы бойынша ісшара екі бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде математика пәні мұғалімі Бейсенова Ұлбала Ж.Турлыбаевтың «Райымбек батыр» және І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» кітаптарымен, №56 орта мектептің кітапханашысы Н.Тілеубергенова Н.Островскийдің «Как закалялась сталь» және В.Дудинцевтың «Белые одежды» атты кітаптарымен  таныстырды,  ал кітапханамыздың ең жас спикері, №2 Кенттік кітапхананың оқырманы Шыңғыс Нұрдәулет Д.Роулингтің «Гарри Поттер и  Философский камень» және «Алаштың ардағы» атты туындылармен таныстырып өтті.  Екінші бөлімде кітапқұмар оқырмандарымыз А.Құнанбаевтың «Қара сөздерін»,  М.Әуезовтің  «Абай жолы»  романын, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты туындысын, М.Мақатаев пен Қ.Мырзалиевтің  және т.б. ақын-жазушылардың өлеңдер жинақтарын талқыланып, оқырмандар өмірлерінде оң әсерін тигізген кітаптарымен алмасты.