«Қазағымның қазынасы-домбыра»- атты танымдық сағат

01.07.2022 Выкл. Автор editor
«Қазағымның қазынасы-домбыра»- атты танымдық сағат

Шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Осы атаулы күнге орай 2022 жылдың 1 шілде күні  Бірлік ауылдық кітапханасы оқырмандар назарына «Қазағымның қазынасы-домбыра»- атты танымдық сағат ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық аспап домбыра туралы мәліметтер беру, шығу тарихымен таныстыру, ұлттық аспаптарды ұмытпай ұлықтап, ұлтын сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып өсуге баулу.

Домбыра туралы аңызбен басталған танымдық сағатта домбыраның шығу тарихы,   домбыра жасаушы шеберлердің өзіндік ерекшеліктеріне дейін қамтылған деректермен қоса, күй тарихы, шертпе күйдің шеберлері туралы мәліметтер,  Әбуғазы М. «Қазақтың домбыра өнері», У.Бекенов «Күй керуені», Б.Жұмабайұлы «Күй – шежіре», Ж.Нәжімеденовтің «Домбыра ойнау оңай ма?» т.б. атты жинақтармен бірге мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар топтамаларына шолу жасалынды.