«Астана – бейбітшілік   қаласы»  атты  әдеби-сазды   кеш

05.07.2022 Выкл. Автор editor
«Астана – бейбітшілік   қаласы»  атты  әдеби-сазды   кеш

Сунақата   ауылдық   кітапханасында    5 шілде   күні   Астана күніне  орай   «Астана – бейбітшілік   қаласы»  атты  әдеби-сазды   кеш  болып  өтті.

Кешті ауыл әкімі Жумадуллаев Ақылмұрат Исмайылұлы ашып, жиналған   көрермендерді  мерекемен құттықтады. Ауыл өнерпаздары  ән-жырдан шашу шашты. Кітапхана   оқырмандары Д.Мырзахметов, А.Біртай  Астана  жайлы өз шығармашылықтарынан өлеңдерін оқып, кітапханашы «Туған  күніңмен  — Нұр-сұлтан»  атты  кітап  көрмесімен таныстырды.   Мақсаты: Жас оқырмандарға  еліміздің жүрегі  Нұр-Сұлтан қаласының тарихымен  кеңінен таныстыру.