«Дін мен дәстүр үйлесімі-рухани келісім кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел

12.08.2022 Выкл. Автор editor
«Дін мен дәстүр үйлесімі-рухани келісім кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел

Жаңақорған аудандық кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімімен аудандық ішкі саясат бөлімі бірлесе отырып аудандық кітапхананың коворкинг орталығында 12 тамыз күні «Дін мен дәстүр үйлесімі-рухани келісім кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Діни экстремизм-ұлттық қауіпсіздікке қауіпті» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмемен З. Садықова өз деңгейінде таныстырды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінен дінтанушы маман Ақерке Ерланқызы дін тақырыбын видео слайд арқылы оқырмандарға кеңінен ашып берді.

Дін мен дәстүр үндестігінде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Баршаға белгілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы.

Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі-өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Дәстүрлі құндылықтар – қазіргі зайырлы қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеуші және ішкі саяси үрдістерді тұрақтандырушы негізгі факторлардың бірі.

Мақсаты: Ұлт тарихын білу, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеу. Дін мен дәстүр бірлігі-өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екендігін жастарға түсіндіру.