«Ардың шыңы — Ата Заң» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі
27.08.2022Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен тамыз айының 27-сі күні ҚР-ның Конституция күніне орай «Ардың шыңы — Ата Заң» тақырыбында виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Виртуалды көрмеде Қазақ хандығы кезінен бастап Қазақстан халқының құқықтары, бостандығы мен міндеттерінің құрылу тарихын, Кеңес Одағының құрамына кірген Қазақ АССР Конституциясының және Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының барлық құқықтарын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы Конституцияның тарихын баяндайтын және 2022 жылы Ата заң тармақтарына енгізілген өзгерістер жайында көрсетілді.