«Дәуірдің ұлы тұлғасы» атты іс-шара

05.09.2022 Выкл. Автор editor
«Дәуірдің ұлы тұлғасы» атты іс-шара

Жаңақорған аудандық орталық кітапхана мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, қазақтың рухани көсемі Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен тұспа — тұс келген ҚР тілдер күніне арналған «Дәуірдің ұлы тұлғасы» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрымжан Сәбтұлы ашып, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен наихаттауға өз үлесін қосып жүрген біршама азаматтарды аудан әкімі қолымен «Алғыс хатпен» марапаттап, құрмет көрсетті. Шара әсем әнмен жалғасты.

Шараны құттықтау сөзімен Халықаралық қазақ тілі қоғамы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Ізәтіллә Нәрзілдаев, өзге ұлт өкілі Наргиза Сагадиновна және №125 орта мектептің қазақ тілі-әдебиет пәні мұғалімі Бағила Нұрлыбайқызы жалғады.

Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Осы ретте, ауданымызда мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде азда болса белсенділік танытып жүрген оқырмандарымызға кезек беріп, оқушылар дайындалып келген өлең шумақтарын көпшілік алдына паш етті.

Шараны кітапхана директоры Әсем Манапқызы сөз сөйлеп жас оқырмандарымызды мәдениет бөлімі басшысының «Алғыс хатымен» марапаттады.

Шара соңында  кітапхананың ең кішкентай оқырманы Ержанқызы Раянаның «Қазағым» әнімен қорытындыланды.

Мақсаты: Қазақ халқы өмірінде орны айрықша зор тұлға — А. Байтұрсынұлының өмірі, шығармалары туралы ақпарат бере отырып, оқырмандардың бойына ұлтжандылық отансүйгіштік қасиеттерді дамыту, туған тілімізді құрметтей білуге тәрбиелеу.