«Ана тілім — ардағым, Туған тілім — мақтаным» атты әдеби оқу

05.09.2022 Выкл. Автор editor
«Ана тілім — ардағым, Туған тілім — мақтаным» атты әдеби оқу

2022 жылдың 5   қыркүйек  күні  Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  тілдер

күніне «Ана тілім — ардағым, Туған тілім — мақтаным» атты әдеби оқу өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Шара барысында оқушылар «Ана тілі»,  «Үш бақытым»,  «Буынсыз  тілің»,  «Ана тілің — арың бұл», «Тілім менің «Ана тілім ғажап деп айта аламын»,  «Үйрен ана тіліңді» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында кітапханашы Ш.Әлжан «Тіл – елімнің тірегі атты» кітап көрмесіне  шолу жасады.