«Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесі

05.09.2022 Выкл. Автор editor
«Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесі

5 қыркүйек күні  Жаңақорған ауданы №1 кенттік кітапханасы ҚР-ның тілдер күніне орай «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой — өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Тіл-қай  ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің  ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.   Сондықтан кітапханашы Ә.Сағатқызы  келешек ұрпаққа «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» атты кітап көрмемен таныстырып, қазақ тілінің құдіреттілігін, дәрежесін, байлығын баяндайтын тіл тақырыбындағы әдебиеттерге ерекше тоқталды. Сондай-ақ көрмеге мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар мен тіл туралы журналдар және  нақыл сөздер қойылды.