«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты тақырыпта алғырлық шоу сайысы

21.09.2022 Выкл. Автор editor
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты тақырыпта алғырлық шоу сайысы

Жаңақорған_ауданы Ақсуат ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21 қыркүйек күні «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты тақырыпта алғырлық шоу сайысы өткізілді.

Мақсаты: Мақал — мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата — бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал — мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға баулу.

Шара барысында оқушылар бір-біріне жұмбақ жасырып, мақал-мәтелдер айтып жарысқа түсті.