«Менің елім –Қазақстан» кітап көрмесі
22.10.2022Өзгент ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай «Менің елім –Қазақстан» атты кітап көрмесі жасақталды.
Мақсаты: Балаларға өз отанын, елін,жерін, қорғауға тәрбиелеу.
Көрмені мектеп кітапханашысы Әуелбекова Шынар таныстырып шолу жасап шықты. Балалар көрмеде өз еліміздің табиғаты, кең байтақ жер мен елдің көрністерін көрді. Қазақстан деген еліміздің керемет, рухани байлығымыздың көп екенін көріп танысып отырды. Кітапханашы әрбір қазақ баласы өз елін қорғауға құқылы екенін айтып өтті.