«Мұхтар-қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында өлеңдерін оқу

20.10.2022 Выкл. Автор editor
«Мұхтар-қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында өлеңдерін оқу

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазан айының 20-сы күні ақын, жазушы Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жасқа толуына орай «Мұхтар-қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында өлеңдерін оқу өткізілді.

Мақсаты: Қазақтың аса көрнекті ақыны Мұхтар Шаханұлының өмірі мен шығармашылығынан жалпы мәлімет беру, азамат ақын екенін дәлелдеу, оқушылардың эстетикалық сезімін оятуға, сол арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге, музыканы түсініп, сүюге, әдебиетті тереңірек ұғуға үйрету, ізденімпаздық қасиеттерді қарастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Шарада оқушыларға Мұхтар Шахановтың өмірбаяны  мен шығармашылығы жайлы кеңінен мәліметтер берілді. Ақынның жетістіктері, атқарған қызметтері туралы айтылып өтті. Оқушылар Мұхтар Шахановтың қаламынан туған өлеңдерін оқыды.