«Рухани жаңғыру — туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты дөңгелек үстел

19.01.2023 Выкл. Автор editor
«Рухани жаңғыру — туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты дөңгелек үстел

Әбдіғаппар  ауылдық  кітапханасының  ұйымдастыруымен  2023 жылдың  19 қаңтар  күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай «Рухани жаңғыру — туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, ұлттық рухты сіңіру.

Шара барысында  кітапханашы кіріспе сөзінде маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезеңінде қоғамдық сананы да жаңғырту мәселесінің маңыздылығына анықтама берді. Сонымен қатар шараға қатысушы мектеп оқушылары да өзіндік жеке пікірлерін айтып өз ойларын ашық және толық жеткізе алды. Шара барысында «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы»  атты кітап көрмесі де ұсынылып, мектеп оқушыларымен бірге  көрмеге шолу жасалынды.