«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында кітап көрмесіне шолу

06.01.2023 Выкл. Автор editor
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында кітап көрмесіне шолу

6 қаңтар күні Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге  кемеңгер дипломат, сарабдал саясаткер, елімізді болашаққа бастаушы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмірі мен қызмет жолы, жыл сайынғы жолдаулары, кітаптары, баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары қойылды. Оқырмандарға жазған еңбектері мен кітаптары, газет-журналдағы таңдаулы мақалалары көрме ретінде таныстырылды. Халқының қалаулысына айналған тұлға-президентіміздің тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі тағылымымен танысып, жолдаудың мән мен мағынасына тереңінен үңіліп, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.